Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық анықталды
Фото: pexels
Антикор медицина және фармация салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлайды.
Соңғы үш жылда денсаулық сақтау жүйесіне мемлекеттік шығыстар 1,5 есе өсіп, 5,8 трлн теңгені құрады (2021 жылы – 1,6 трлн теңге, 2022 жылы – 1,7 трлн теңге, 2023 жылы – 2,5 трлн теңге).
2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі медициналық шығындардың үлесін 5%-ға дейін (2023 жылы – 3,8%) ұлғайту жоспарлануда.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністері мен көптеген қаржылық бұзушылықтар саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік шаралардың тиімділігін төмендетеді.
Сыртқы талдау нәтижелері бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жоспарлау, медициналық техникаға қызмет көрсетуге дейінгі дәрілік заттар, медициналық техника айналымының барлық кезеңдерінде және отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар (офтейк-шарттар) жасау сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Дәрілік заттарға қажеттілікті, сатып алынған тауарлар мен қызметтердің құнын асыра бағалау, әртүрлі ауруларға қарсы вакциналарды уақтылы сатып алмау, талап етілмеген құрал-жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ негізсіз төлемдерді есептеу фактілері анықталды.
Талдау көрсеткендей, жоғарыда аталған фактілердің себептері сатып алуды жоспарлау тетіктерінің жеткіліксіз автоматтандырылуы, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасының жетілдірілмегендігі, жеткізушілер арасындағы бәсекелестіктің болмауы, лауазымды тұлғалардың дискрециялық өкілеттіктері, ведомстволық бақылаудың жеткіліксіздігі және т.б.
Ағымдағы жылдың 17 сәуіріндегі талдау қорытындысы бойынша, агенттік денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Жол картасын бекітті.
Іс-шаралардың орындалуы бақылауда.
Жаңалықтар
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді