Денсаулық министрі эпид ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бұл туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Елімізде 42 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит сібір жарасы, іш сүзегі, құтырма, туляремия, сіреспе тіркелмегені анықталды.

Ал 26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5%, бруцеллез 25%, ротавирустық инфекция 23%, эхинококкоз және лямблиоз 21% , энтеробиоз 15,5%, сальмонеллез 9% төмендеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар