«Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жеке стоматологиялық клиникалардың директоры «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-пен жалпы 450 млн теңгеден астам медициналық қызметті сатып алу жөнінде келісімшарт жасаған.
Келісімшарт талаптарына сәйкес клиникалар азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету міндеттемесін алған.
Алайда күдікке ілінген «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне ортодонтиялық көмек көрсетілді деген жалған мәліметтер енгізген. Шын мәнінде бұл медициналық қызметтер пациенттерге көрсетілмеген.
Заңсыз әрекетке барған олар дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ бұрын клиникаларға жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін өз бетінше пайдаланған.
Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетілді деген 4 597 расталмаған жағдай анықталды. Келтірілген залал 66 млн теңге болды.
Сот санкциясымен 23 млн теңге көлеміндегі банк шоттарына және 29 млн теңге тұратын стоматологиялық жабдыққа тыйым (арест) салынды.
Тергеу барысында күдікті 11 млн теңге көлеміндегі залалды өтеген. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салсақ, 2026 жылдың басында леуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) жұмысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Олардың қатарында жалған пациенттерді тіркеу, ер адамдардың әйелдерге арналған скринингтерден «өтуі», балаларға бір күнде мыңнан астам дәрі-дәрмек жазу, тіпті қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсету фактілері болған
Оқи отырыңыз:
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Биыл халық шошына күткен қандай ақша аударымдары «күдікті» саналады
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
Жаңалықтар
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады
- Иранда жоғарғы көшбасшы бойынша консенсус жарияланды
- Елена Рыбакина WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
- АҚШ Венесуэла билігін ресми түрде мойындады
- Қазақстандық файтер UFC-де алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады
- Трамптың қаупі мен Ормуз бұғазындағы шабуыл: Соңғы жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты