Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

cover Фото: Бейнеден кадр

Дағыстанның Дербент ауданында өзеннің арнасынан тасуы мен Геджух су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты 4000-нан астам тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Orda.kz РБК агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазірдің өзінде шамамен 800 үй тұрғындары көшірілді. Төрт бірдей уақытша орналастыру пункті жұмыс істеп тұр.

Су басу қаупіне байланысты Мамедқала кентінің шағын аудандарынан да тұрғындар көшірілуде.

«Геджух су қоймасының толып кетуіне байланысты Мамедкала кентінің (Заречная, Михайловка, Дузлак, Сулепа Урсун) шағын аудандарын су басу қаупі бар. Алдын алу шарасы ретінде халық эвакуацияланып жатыр», деп хабарлады Ресей ТЖМ баспасөз қызметі.

Жалпы 4165 адам, оның ішінде 823 баланы эвакуациялау жоспарланған. Адамдар уақытша орналастыру пункттеріне немесе туыстарының үйлеріне жеткізілуде.

Аудан басшысы Эльман Аллахвердиев қауіп Кайтагтан келетін өзеннің тасуынан және қорғаныс бөгетінің бұзылуынан туындағанын айтты. 

Сонымен қатар Кирки ауылында көшкін болып, бір үй толық қирап, екі үй жартылай зақымданған. Тағы бес үйге қауіп төніп тұр. Қираған үйдің астынан бір адамның мәйіті табылды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар