Цой: қыста карантин күшейтілуі мүмкін

cover

Қыста Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қатысты ахуал төмендеуі мүмкін, бірақ алдын-алу шараларын жасай отырып, бақылауда ұстауға болады.

«Дегенмен, біз апта сайын деректерді талдаймыз және алдағы жағдайларды болжаймыз. Қазіргі жағдай бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантиндік шараларды күшейтуіміз мүмкін. Барлығы қазір жағдайды қалай ауыздықтайтынымызға байланысты болады», - деді  денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кешегі өткен брифингте.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Шығыс Қазақстанда қазірдің өзінде көрсеткіш төмендегенін, ауруханалар мен жұқпалы аурулар ауруханаларында 22 пайыз, барлық реанимациялық төсектердің 17 пайызында ғана аурулар жатқандығын көңілге жұбаныш етті.

«Бүгінде елде қатаң шектеу шаралары енгізілген бес өңір- ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары «қызыл» аймақта. Соңғы үш облыс «қызыл» аймаққа «сары» аймақтан ауысты. Ал «сары» аймақта Алматы қаласы бар. Қалған өңірлер- «жасыл» аймақ. «Қарашада қазан айымен салыстырғанда республикада «қызыл» аймақта орналасқан 5 өңірде коронавирус жұқтырудың 3,7 есе өсуі байқалады, онда республика бойынша барлық жағдайлардың 70% - ы тіркелген", -деді Цой.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар