Чемпиондар лигасы: Алматылық «Қайрат» сербиялық командадан ойсырай жеңілді

cover Фото: footboom.kz

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Црвена Звездаға» қарсы қарымта кездесу өткізді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Командалардың құрамы:

«Црвена Звезда»: Борян, Гобелич, Панков, Драгович, Родич, Канга, Саного, Иванич, Фалько, Катай, Диони;

«Қайрат»: Устименко, Вороговский, Әліп, Дугалич, Миканович, Поляков, Әбікен, Буранчиев, Оганесян, Вагнер Лав, Шушеначев.

Бас бапкер Кирилл Кекер Рикардо Альвесті, Гүлжігіт Әліқұлов пен Хосе Кантені алғашқы минуттардан шығармауға шешім қабылдады. Алаң иелері бірден алға шығып, Александр Катайдың алыстан бағыттаған соққысынан кейін  есеп ашылды.

https://twitter.com/nasaczv/status/1420455455848116225?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1420455455848116225%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.zakon.kz%2F5077337-fk-kayrat-propustil-5-bezotvetnyh-golov.html

Кейін «Црвена Звезда» ойыншысы Лоис Дьони айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеп, командасының басымдылығын еселеді. Бірінші тайм бітер уақытта Катай айып соққысын теуіп, есепті 3:0-ге жеткізді. 4 голды жартылай қорғаушы Мирко Иванич салса, Филиппо Фалько ойынның нүктесін қойды. Есеп 5:0

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңген еді. «Црвена Звезда» екі матч қорытындысы бойынша 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.  «Қайрат» енді Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнайды.

https://twitter.com/nasaczv/status/1420472172288614404?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1420472172288614404%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.zakon.kz%2F5077337-fk-kayrat-propustil-5-bezotvetnyh-golov.html

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар