БЖЗҚ Қазақстандағы ең ірі банк Халық банкінің акция иесі тізімінен шығарылды

cover

Халық банкі акционерлердің тізілімі жүйесінен үзінді көшірме ұсынды. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) банктің ірі акционерлері тізімінен шығарылды.

Kursiv.kz басылымының хабарлауынша, 19 қаңтарда Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында Халық банкі акционерлерінің тізімі жаңартылды. Ірі меншік иелерінің тізімі үштен екіге қысқартылды: акциялар бұдан былай БЖЗҚ иелігінде болмайды. Бұған дейін қордың жай акциялардағы 6,11% үлесі болған.

Қазір Құлыбаевтар банкті бақылайтын «ALMEX Holding Group» АҚ бағалы қағаздардың 69,52%, ал The Bank of New York (номиналды ұстаушы) 28,69% иелік етеді.

Халық банкі – Қазақстандағы ең ірі банк. 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша банктің жиынтық активтері 11,3 трлн теңгеге бағаланды. Өткен жылдың тоғыз айында таза пайда 333,1 млрд теңгені құрады. Банк акциялары Лондон қор биржасында (LSE) және Қазақстан қор биржасында орналастырылған.

Қазақстанда наразылықтар басталғаннан бері эмитенттің LSE-дегі қағазы 4 қаңтардағы 16,86 доллардан 19 қаңтарда 12,6 долларға дейін арзандады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар