Бұрынғы вице-министр Қожағапанoвтың ісі: Апелляция шешімін жариялады

cover

Бүгін Астана қалалық сотында бұрынғы мәдениет вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша апелляциялық алқаның шешімі жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алғашқы үкім бойынша ол 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы XV ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде қызмет өкілетін теріс пайдаланғаны үшін үш жылға сотталған.

Осы жолы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырылды.

Еске салайық, тергеу нұсқасы бойынша, шараны өткізу кезінде бюджеттен бір миллиард теңге жымқырылған.

Ерлан Қожағапановпен бірге бизнесвумен Ләззат Көккөзова да сотталды. Оның SUCCESS K агенттігі форумды ұйымдастырумен айналысқан. Көккөзова аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылып, кәсіпкерге бес жылға бас бостандығынан айыру үкімі тағайындалды.

Оған берілген бес жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза да өзгеріссіз қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар