Бұрынғы энергетика вице-министрі Kazenergy қауымдастығын басқарады
фото: Primeminister.kz
«Kazenergy» мұнай — газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының бас директоры болып энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Жандос Нұрмағанбетов тағайындалды. Ол сыртқы істер министрлігіне жұмысқа ауысқан Әлібек Қуантыровтың орнына келді.
Бұл туралы «Kazenergy» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Жандос Нұрмағанбетовтің тағайындалғаны туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің телеграм арнасында хабарлады. Қауымдастықтың бұрынғы бас директоры Әлібек Қуантыров сәуірден шілде айының соңына дейін сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары болып тағайындалғанға дейін қызмет атқарды.
Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
- Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген.
- Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.
- 2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.
- 2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
- 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.
- 2020 жылдан бастап қазірге дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
- 2021 жылдың соңында Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
Мұнай-газ саласында деректерді жинау, талдау, өңдеумен айналысатын маман Олег Червинский атап өткендей, Жандос Нұрмағанбетов 2023 жылдың желтоқсан айында Екібастұз, Риддер, Теміртау және басқа қалалардағы энергетикалық нысандардағы апаттар салдарынан министрдің орынбасары қызметінен кетті. Сол сәттен бастап ол мемлекеттік қызметте қызмет атқарған жоқ.
«Kazenergy» қауымдастығы мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды