Бұрын сотталған Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болып тағайындалды

cover Фото: primeminister.kz

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

57 жастағы шенеунік бұған дейін 2021 жылы Астана әуежайында Дубайға ұшқалы тұрған жерінен ұсталған еді. Тексеру барысында одан әйелдерге арналған Hermes сөмкесі мен 5 мың доллар тәркіленген болатын. Алайда ұсталып, сот оны кінәлі деп танып, айыппұл салды. Мұсайбеков енді Олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президенті және үстел теннисі федерациясының президенті қызметін атқарады.

Бас ассамблеяның қорытындылары бойынша атқарушы комитеттің жаңартылған құрамын назарларыңызға ұсынамыз:

  • Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент;
  • Шахмұрат Мүтәліп – туризм және спорт вице-министрі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент;
  • Абулганидер - бокс жөніндегі вице-президент;
  • Сәкен Мұсайбеков –жазғы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президент, үстел теннисі федерациясының президенті;
  • Гаджиев - Қысқы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президент, Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры, ауыр атлетика федерациясының президенті.

Еске салайық, 2021 жылдың 22 ақпанында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Ол сол кезде Алматыда тергеу әрекеттеріне қатысып жүрген. 26 ақпанда Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпарат ресми түрде расталды. Шенеунік «Bet есеп орталығы» жобасын жүзеге асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісіміне қол қоюға байланысты мәселені шешу үшін 15 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен тергеуге алынды.

2021 жылдың тамызында Мұсайбеков сотта сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны дәлелденіп, қызметтік бабын пайдаланып алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сол ісі үшін 62 миллион теңге айыппұл төлеп құтылды.

Мұсайбеков 2020 жылдың мамырында мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған еді. Бұған дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) бас хатшысы, одан бұрын 2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың қаңтарына дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар