«Бұл үкімет құлайды»: Президентке қарсы бас көтеру

cover Фото: Associated Press

Мадуро қайтадан үшінші рет президент болып сайланғаннан кейін, мыңдаған венесуэлалықтар Каракас көшелеріне шығып, наразылық білдірді.

Бұл туралы Associated Press ақпараттық агенттігі хабарлады.

Наразылық шерулері 29 шілденің кешінде, жексенбі күні өткен сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден басталды. Мадуро 51,2 % дауыс жинап, жеңіске жетті. Сайлау нәтижесіне наразылық білдірушілер сайлауды жалған деп есептеп, жаңа сайлау өткізуді талап етті. Адамдар сайлау процесінің бұзылғанын және ашық болмағанын мәлімдеп, «Бостандық» және «Бұл үкімет құлайды» деген ұрандармен көшеге шықты. Кейбір наразылық білдірушілер Мадуроның сайлауалды науқанының плакаттарын жұлып, өртеді.

 

Демонстранттардың жолын ондаған полиция қызметкері бөгеп, Лас-Мерседес элиталық ауданына апаратын жолды жауып тастады. Полиция жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Бұл ереуілшілерді одан әрі наразы қылды. Әлеуметтік желілерде полиция мен белсенділер арасындағы қақтығыстардың кадрлары тарады.

Онда наразылық білдірушілердің жолдарда қоқыс өртеп, күштік құрылымдарға тас және Молотов коктейльдерін лақтырғаны көрінеді. Сонымен қатар, президент сарайының жанында бронетехника орналастырылып, жолды полиция қоршауға алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар