«Бұл — суицид»: Алматыдағы оқушылар өлімі туралы ІІМ пікірі

cover Фото: Orda.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыда көпқабатты үйдің шатырынан құлап, қайтыс болған екі мектеп оқушысының өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның айтуынша, қыздар суицид жасады.

«Бұл — суицид. Өлімге итермелеу фактісі бойынша іс қозғалды. Істің мән-жайын толық айта алмаймын», — деді Игорь Лепеха. 

Алматыда екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, қайтыс болды. Оқиға 16 қыркүйек күні таңғы 10 шамасында Алмалы ауданында болды. Қаза болған қыздардың бірі Айша — танымал эколог Евгений Мухамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар