Букмекерлік кеңселер мемлекетке клиенттері туралы ақпарат беруге міндетті болады
Сурет: Егемен Қазақстан
Қаржы министрлігі нормативтік құқықтық актілер порталында букмекерлік кеңселер Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ақпараттық жүйесіне өз клиенттері туралы күнделікті есеп беруге міндетті болатын ереже жобасын ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатта атап өтілгендей, ақпарат ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық және бағдарламалық жүйелерін МКК жүйесімен біріктіру арқылы берілетін болады.
Құмар ойындары нарығының қатысушылары туралы мындай ақпараттар белгілі болуы тиіс:
· бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
· клиенттің жеке ойын шотындағы күн басындағы қалдық сома;
· ойынның әрбір нәтижесі бойынша бәс тігушілер салған ставканың күні мен уақыты;
· ойынның әрбір нәтижесі бойынша жасалған бәстің сомасы;
· әрбір ойындағы ставка жасаушы нәтижесінің күні мен уақыты;
· ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка жасаушы жоғалтқан сома;
· ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка жасаушының ұтыс сомасы;
· бәсте төленген ұтыс сомасы.
Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитетіне ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка қоюшының жеке табыс салығы есептелген сомасы, сондай-ақ бәс тігушінің жеке ойын шотындағы қалдық сомасы ұсынылуы тиіс.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Құжатты қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды