Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсті

cover Фото: anatili.kazgazeta.kz

Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, Қазақстанның бас мүфтиі болған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауруханаға түсті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қажының ауруханаға түскені туралы хабарды ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

– Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті... «Достан – дұға» дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей, - деп жазды ҚМБД баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында.

Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі – 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмамдаған. 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар