Бозымбаев Ақтауда 38 адамның өмірін жалмаған апат жайлы: Мұндай зақым келтіретін қару Қазақстанда жоқ
фото: Orda.kz
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты тергеу жұмыстары мен соңғы есептің қалай дайындалып жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың желтоқсанында болған қайғылы оқиғадан 38 адам қаза тапқан еді. Журналистерді ең алдымен қорытынды есептің дайын болатын мерзімі қызықтырды. Ақпан айында көлік вице-министрі Талғат Ластаев бұл тергеу жыл соңына дейін аяқталып, есебі 2025 жылдың желтоқсанына дейін жарияланады деп мәлімдеген болатын. Алайда Қанат Бозымбаев нақты мерзім айта алмады. Ол тек: «Бірнеше айдың ішінде» деп жауап берді.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының зақымдану себептері туралы Қазақстан вице-премьері Қанат Бозымбаевтан сұралды.
«Бұл туралы айту қиын. Мұндай қару түрі Қазақстанда жоқ. Сондықтан Бас прокуратура тиісті мемлекеттерге сауал мен талаптарды жолдады», – деді Қанат Бозымбаев.
Бозымбаевтың айтуынша, тергеуге Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Embraer 190 ұшағын шығарған Бразилия елдерінің мамандары тартылған. Бұл сарапшылар көлік министрлігі жанындағы арнайы комиссия құрамында жұмыс істеп жатыр. Тергеу ашық түрде жүргізілуде.
«AZAL ұшағының апатына қатысты тергеу құпия емес. Сарапшылар үнемі Астана мен Ақтауға келіп, жұмысын жалғастырып отыр. Естеріңізде болса, ақпанда алдын ала есеп жарияланған. Сол құжат көптеген алыпқашпа әңгіменің жолын кесті. Комиссия мүшелері Бакуге барып, Әзірбайжанның авиациялық органдарымен кездесіп, халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілдерімен келіссөздер жүргізді», — деді вице-премьер.
Сонымен қатар, Бозымбаев мамандар №2 гидравликалық жүйені жаңғыртып сынап көруді ұйғарғанын айтты. Апатқа ұшыраған ұшақтың авионика модулі АҚШ-қа жіберіліп, навигациялық және гидравликалық жүйелер терең зерттелмек. Бұл шаралар апаттың нақты себептерін анықтауға көмектеседі.
Журналистер фюзеляждағы тесік зақымдардың шығу тегіне қатысты комиссияның пікірін сұрады. Бұған дейін жарияланған алдын ала есепте мұндай зақымдар бары расталып, авиация мамандары оны құстар келтіре алмайтынын атап өткен болатын.
«Фюзеляжда сырттан енген заттардың сынықтары анықталды. Олар жарылыс-техникалық және криминалистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір сол сараптамалардың нәтижесін күтіп отырмыз. Тек содан кейін зақымдардың нақты себебі туралы қорытынды жасауға болады. Ал өз басым бұл тесік зақымдарды көзіммен көріп, қолмен ұстап көрдім. Ұшақтың қашан зақымданғаны белгілі. Енді сол зақымның нақты неден болғанын анықтау қажет», — деді Қанат Бозымбаев.
Сөзінің соңында ол сараптамалық зерттеулер апаттың шынайы себебін анықтауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?