Боранбаевтың інісінен 30 миллион доллар: Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты сот басталды

cover

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты алдын ала тыңдау өтті.

Бұл қызметті тоғыз жыл бойы атқарған ұлттық палатаның бұрынғы төрағасы Қайрат Боранбаевтың інісіне алаяқтық жасап, 30 миллион доллар көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.

Оқиғк кәсіпкерді өзінің туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесу үшін алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу туралы болып отыр.
Бұған дейін Orda.kz сайты Мырзахметов ағасы Қайратты босатуға көмек ретінде Талғат Боранбаевтан ақша алғысы келетінін жазған. Қазір прокурор бұл деректерді сотта растады.

Тергеушілердің айтуынша, 30 миллион доллар екі траншқа бөлінген - Қайрат Боранбаев босатылғанға дейін және кейін. Сотта прокурор соманың бір бөлігін Мырзахметов алғанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар