Болат Назарбаевтың ұлы 57 млрд теңгелік активінен айырылды
Коллаж: Orda.kz
Активтерді қайтару комитетіне Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты талап-арыз түскен. Іс құпия саналғандықтан, сот отырысы жабық өтуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта Назарбаевтар әулетіне қатысты талап-арыз қаралып жатыр. Арыз Болат Назарбаевтың 41 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты жазылған болуы мүмкін. Себебі арызда «Н.Б.Назарбаев» деп көрсетілген. Дегенмен сот та, комитет те істің егжей-тегжейін жария етпей отыр.
Сот түсініктемесінде: «Аталған талап-арызда жариялауға жатпайтын, қызметтік пайдалануға арналған материалдар бар. Сондықтан процесс ашық емес» деп көрсетілген.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында елден заңсыз шығарылған активтерді қайтарумен айналысатын комитеттің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын.
«Активтерді қайтару комитетін енді Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті етіп өзгерту керек. Бас прокуратура заңсыз активтердің иелерімен жақсы жұмыс атқарды», деген еді Мемлекет басшысы.
Сол кезде көптеген саясаттанушылар мен сарапшылар бұл мәлімдемені «Ескі Қазақстан мен Жаңа Қазақстан арасындағы қақтығыстың аяқталуы» деп бағалаған.
Ашық деректерге сүйенсек, Нұрбол Назарбаев 2011–2017 жылдары Алматы облыстық ІІД-де қызмет атқарып, басшының орынбасары болған. 2017 жылдан бастап Prime Capital Holding инвестициялық қорын құрып, оның бақылау кеңесін басқарған.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?