Болат Назарбаевтың «оң қолына» қатысты іс жақын арада сотқа жолданады
Фото: Orda
Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істі тергеу аяқталу сатысында, жақын арада сотқа жолданады.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазір 13 күдіктінің адвокаттары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.
«Нақтырақ айтқанда 508 том бар, бұл заттай дәлелдемелерді есептемегенде. Мысалы, салмағы сегіз терабайт болатын бейне және аудио жазбалар бар. Яғни, жұмыс көлемі өте үлкен және 13 күдікті бар. Оның үстіне әрқайсысының заңгері бар, барлығы іспен танысуы керек. Процесс аяқталғаннан кейін істі сотқа жібереміз»,- деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Өткен қыркүйекте ҚМА Елдос Қоспаевты Солтүстік Кипрден Қазақстанға әкелді. Отанында оны Болат Назарбаевтың оң қолы дейді. Негізгі қашқынмен бірге қылмыстық топтың жеті мүшесі де қайтарылды. Оның құрамында барлығы 11 адам бар, олар құжаттарды қолдан жасау, рейдерлік, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген. Тергеушілердің мәліметінше, қылмыстық топтың басшысы «Людоед» лақап атымен белгілі Елдос Қоспаев болған.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты