Болат Назарбаевтың қолшоқпары Айбек Қоспаев 12 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Астананың арнайы ауданаралық қылмыстық сотында Елдос Қоспаевтың інісі Айбек Қоспаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Айбек Қоспаев 12 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді және 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басқарушы қызмет атқаруға тыйым салынды.
Жазаны ол орташа қауіпсіздікті түзету мекемесінде өтейді.
Айбек Қоспаевқа бірнеше бап бойынша айып тағылған:
- ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі — «Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу». Тергеу нұсқасы бойынша, Айбек ағасы Елдос басқарған ҰҚТ құрамында болған. Ол бизнесмендердің мүлкін күшпен тартып алу, заңсыз байыту сияқты әрекеттерге қатысқан деп айыпталды.
- ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 1-тармақ — «Рейдерлік» — AV Construction компаниясын тартып алуға қатысты, оған Болат Назарбаевтың қызы Құндыз Назарбаеваның да қатысы бар.
- ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 2) және 3) тармақтары — «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)»;
- ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 1) және 2) тармақтары — «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» — бұл баптар Қоспаевтар мен олардың әріптестерінің Esentai City тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер мен коммерциялық нысандарды сатып алуына қатысты;
- ҚР ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы — «Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банк, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет»;
- ҚР ҚК 233-бабы 2-бөлігі — «Анық жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын дайындау, өткізу мақсатында сатып алу не қолдану». Айбек Қоспаев заңсыз алкоголь саудасына байланысты айыпталып отыр;
- ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігінің 1) және 2) тармақтары — «Өте ірі көлемде жасалған бопсалау» — Алматы облысы Шамалған ауылындағы «Нұр» базарын күшпен тартып алу ісіне қатысты.
Қоспаевтар ҰҚТ-сының әрекет ету тарихы мен географиясы өте ауқымды. Orda.kz бұл туралы бөлек материал жасаған. ҰҚТ мүшелері кәсіпкерлердің үлесін, мүлкін күшпен тартып алып, көлеңкелі бизнеспен айналысты деп айыпталды.
Сотта Айбек Елдос пен Айдос атты бауырларымен бірге ҰҚТ құрды деген айыпты мойындаған жоқ. Адвокаты Аманжол Мұхамедьяров сот отырысына Болат Назарбаевтың ұрпағы да қатысуы тиіс екенін айтты.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімажанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес