Бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

cover

Еліміздегі боксқа келетін болсақ, ұзақ үзілістен кейін бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Дәл қазір Шымкентте еліміздің таңдаулылары сынға түсуде.

Биылғы біріншілік біріктірілген форматта өтуде. Яғни, ерлер мен әйелдер арасындағы бәсеке бірге ұйымдастырылмақ. Бұған қоса, көрермендер кіргізілмейді. Санитарлық талаптар қатаң. Қазақстан чемпионатына 200-ден аса боксшы қатысып жатыр. Жартылай финалдық және финалдық сындар, сәйкесінше, 28 және 29 қарашаға жоспарланған.

Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленгендер де бар. Бас бапкері Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, әзірге Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының спортшылары үздіктер қатарынан көрініп келеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар