Бойжеткенді өлтірген күдікті өзіне қол жұмсамақшы болды

cover Вконтакт

Аяжан Еділованың өліміне күдікті қамауға алу кезінде өз-өзіне қол жұмсамақшы болып, мойнын кесіп тастаған .

Алматы полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты. Күдікті қызды ерекше қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлады Orda.kz.

Осыған дейін Аяжан әлеуметтік желідегі жаңа танысымен кездесуге барғаны туралы хабарланған болса, 26 наурызда қыздың жақындары бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қыздың жігіті болған, ол дабылды алғаш боп қаққандардың бірі. Туыстарының айтуынша, күдікті ер адам қызды бөлшектеп тастаған.

Абдрахманов 2021 жылы 20 наурызда 102 пультіне Аяжан Еділованың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскенін қосты. Хабарламаны сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркеу сағат 16:06-да болды.

– 21 наурызда арнайы тергеу тобы құрылды, ол іздеу жұмыстарын бастады. Жоғалған адамның байланыстары мен іздеу шараларын пысықтау нәтижесінде 21 наурызда күдікті - 1993 жылы туған азамат тұратын Нұркент шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің мекен-жайын анықтадық. Ұстау кезінде оның пәтерінің сыртқы есігі сынған, полиция қызметкерлерін көргенде ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған, мойнына дене жарақаттарын салған, - деді ол.

Полиция пәтерге кіргеннен кейін, сол жерден қыздың бөлшектелген денесін тапқан. Күдіктінің өзі түсіндіргендей, ол осылайша қылмыстың іздерін жасыруға тырысқан.

– 19 наурыздан 20 наурызға қараған түні күдікті қалдықтардың бір бөлігін облыс аумағынан тыс шығарып үлгерген. Кейін осы қалдықтар табылды, - деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары.

Қазіргі уақытта күдікті ауруханаға жатқызылды және қамауда, ұсталған күні оған операция жасалды және ол палатаға ауыстырылды. Қылмыстың себептері тексеріліп жатыр.

– Кісі өлтіру наурыздың 19-нан 20-на қараған түні, яғни полицияға қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскенге дейін жасалған, - деді Абдрахманов.

Қызды іздеуді бірден бастамады деген шағым шындыққа сәйкес келмейді, деп атап өтті Абдрахманов.

Күдікті Түркістан облысының тумасы. Бұрын сотталмаған. Қызбен 16 наурызда әлеуметтік желіде танысқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар