Боди массаж арқылы 2 млрд тапқан астаналық бикеш ұсталды
Фото: Pixabay
Астанада боди массаж арқылы жезөкшелікпен айнылысып, 2 млрд тапқан бикеш анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
2021-2023 жылдар аралығында бикеш притон ұйымдастырып, 2 млрд көлемінде қаржы тапқан. Жезөкше ақша аударымдары үшін туыстары мен сенімді адамдарының банктік деректемелерін пайдаланып отырған. Сондай-ақ бикештің құрастырған схемасы да анықталды.
Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында жезөкше өзінің атына ЖШС ашып алып, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 млн теңгені заңдастырып, жалпы 95 млн теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.
ҚМА-ның тергеуі бойынша қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:
- 350 млн теңгеге салынып жатқан ауданы 500 ш.м. коммерциялық үй-жай;
- 92 млн теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 ш.м. 5 екі бөлмелі пәтер;
- 667,5 млн теңгеге Астана қаласында жалпы ауданы 784 ш.м. жер учаскелері бар екі коттедж;
- 335,4 млн теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 ш.м. 2 пәтер мен тұрақ орын;
- 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.
Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, олар бұғатталды.
Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару мақсатында 5 бөлмелі 2 пәтерін сатып жіберген. Дәлірек айтқанда, 143,5 млн теңгеге қайта сатып 51,5 млн теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан.
Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды