БҚО-да алаяқтар ата-аналарды алдап, 10 млн жымқырды

cover Фото: envato

Батыс Қазақстан облысында үш алаяқ 17 оқушының ата-анасынан 10 млн теңге алып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.

Ата-аналар мектептегі іс-шараларды талқылау кезінде, алаяқтардың бірі WhatsApp топқа қосылып, чаттағы қатысушылардың телефон нөмірлерін сақтап алды. Ол балалардың атынан хабарласып, телефоны өшіп қалғанын айтып, ақша сұрайды.

Осылайша, алаяқтар карта деректері мен CVV кодтарын қолға түсіріп, ақшаны таныстары арқылы  қолма-қол ақшаға айналдырды.

Күдіктілерді Қаратөбе ауданының полициясы ұстады, тергеу жүріп жатыр. Полиция қазақстандықтарды мессенджердегі топтарда абай болуға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар