Бюджет табысын арттыру мақсатында салық жұмысы күшейтіледі

cover Фото: Ольга Ибраева, Orda.kz

Бүгін, 28 қаңтарда, Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысында салықтық әкімшілікті күшейту маңызын баса айтты, деп хабарлайды Orda.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салықтық әкімшілікті күшейту арқылы бюджет табысын  5-7 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отыр.

«Соңғы жылдары біз салық қызметкерлерінің мүмкіндіктерін айтарлықтай қысқарттық. Реформаның маңызды бөлігі салықтық әкімшілікті күшейту болады. Одан басқа реформа жұмыс істемейді.  Салық комитетіне кейбір бақылау функцияларын біртіндеп, мұқият қайта енгізу ұсынылып отыр.  
Нәтижесінде біз бюджет табысын шамамен 5-7 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отырмыз.   Бұл бізге даму бюджеті көлемін қазіргі 8%-дан 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.  Қажет болған жағдайда біз мақсатты әлеуметтік көмекті, жалақыларды, зейнетақыларды, жәрдемақыларды инфляция деңгейіне қарай индексациялаймыз»,  деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар