Бизнес ҚҚС көтеруге үзілді-кесілді қарсы болды
Фото Райымбек Баталовтың Facebook желісінен.
Үкімет қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру туралы шешімін жариялағаннан кейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Еліміздің әр өңірінен 800 бизнес өкілінің басын қосқан жиынның қорытындысымен «Атамекен» төрағасы Райымбек Баталов бөлісті. Кәсіпкерлерді ҚҚС өсімі алаңдатып, олар жаңа Салық кодексіне де тоқталды.
Баталовтың айтуынша, бизнес үкіметпен конструктивті, бірақ шиеленісті диалог жүргізуде. Салық кодексін оңайлату керек, бизнес те тең құқықты алуы керек – Ұлттық палатаның ұстанымы осындай.
«Бизнес ортада белсенді талқыланып жатқан тақырыпқа – ҚҚС мөлшерлемесіне ерекше назар аударғым келеді. Біз мөлшерлеменің көтерілуін есептеулермен негіздеу керек деп есептейміз және бір реттік 20 пайызға дейін көтеруге қарсымыз. ҚҚС шегін де егжей-тегжейлі қарастыру қажет. Біз 15 миллионға қарсымыз! Мұның бизнестің табыстылығы мен өсу қарқынына, әсіресе әкімшілік күрделіліктің жоғарылауы жағдайында болатын салдарын талдау маңызды ».
«Атамекен» де арнаулы салық режимін қолдану шегін төмендету ұсынысымен келіспейді.
«Біз үшін мұндай шешімдердің нақты сандарға негізделгені және аналитикалық деректермен расталғаны маңызды».
Ұлттық палата салық реформасы бойынша ұсыныстары бар бюллетень әзірлеп қойған.
Шағын бизнес өкілдері де соңғы кезде ҚҚС шегінің төмендеуіне үлкен алаңдаушылық білдірдірді.
Жаңалықтар
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды