«Біздің біржақты ұстанымымыз бар»: Әшімбаев Зеленскийге жауап берді
Фото: Sputnik Қазақстан
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Украина президенті Владимир Зеленскийге жауап берді.
Жақында Украина президенті Орталық Азия елдері журналистеріне берген сұхбатында Орталық Азия елдері басшыларының ұстанымы көбірек Ресейге бағытталғанын айтты. Әшімбаев бұл пікірмен келіспейді.
Оның айтуынша, Қазақстанның ұстанымы айқын: қантөгісті тоқтату керек.
«Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымы анық, тұжырымдалған және ел басшылығы тарапынан бірнеше рет айтылған. Сыртқы істер министрлігі бұл ұстанымды үнемі айтып отырады, мен де осы тақырыпта айттым. Біз қазір Украинадағы қантөгісті тоқтату өте маңызды деп санаймыз. Онда жүріп жатқан соғысты тоқтату қажет. Біздің ұстанымымыздағы екіұштылық қайда? Біз келіссөздер бастаудың өте маңыздылығы туралы үнемі айтамыз. Осы мәселені талқылауды және шешім іздеуді бастаңыз. Осы орайда Қазақстан өз мүмкіндіктерін ұсынды. Бұндай жағдай біздің елімізде болуы да мүмкін. Біздің ұстанымымыз әрқашан нақты»,- деді Әшімбаев Сенат отырысында.
Ол сондай-ақ, президент Тоқаевтың 2022 жылы Санкт-Петербургте өткен форумда сөйлеген сөзін еске алды. Ол кезде Тоқаев Қазақстан ЛХР мен ДХР деп санайтын квазимемлекеттік құрылымдарды мойындамайтынын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды