«Біз кез келген сценарийге дайынбыз» — Иран билігі Трамптың мәлімдемелеріне қалай жауап берді?
Фото: Pixabay.com
Тегеран келіссөздерге де, соғысқа да дайын. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ президентінің Иранның өзі Вашингтонға ядролық бағдарлама бойынша диалог ұсынды деген сөзіне жауап ретінде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, жаппай наразылықтар жайлаған елдегі жағдай «бақылауда» екен. Сонымен қатар, Аракчи тәртіпсіздіктерге АҚШ пен Израильдің қатысы бар деп айыптап, Тегеранның қолында «бұған қатысты құжат түріндегі дәлелдер бар» екенін айтты.
Ал шетелде жұмыс істейтін ирандық құқық қорғаушылар бірнеше жүздеген адамның қаза тапқанын хабарлауда. BBC Iran Human Rights ұйымының деректерін келтіріп, қақтығыстар салдарынан кемінде 648 адам көз жұмғанын жазды. Ұйым марқұмдардың нақты саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Алайда бұл мәліметтерді тексеру қиын. Өйткені ел бірнеше күннен бері интернетсіз отыр.
Бұған дейін Трамп Иранға қарсы күш қолданудың түрлі нұсқалары, соның ішінде әскери нысандарға ауқымды соққылар жасау мүмкіндігі туралы айтқан еді. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге және АҚШ-тың әскери базаларына соққы береміз деп қоқан-лоқы жасаған.
Айта кетейік, Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?