Биыл 100 мыңнан астам әйел зорлық-зомбылық құрбаны болды

cover Фото: envato

Биылғы жылы Қазақстан полициясы отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңнан астам шағым қабылдады. Бұл ретте үкіметте әйелдерге қарсы қылмыс санының екі есе азайғаны туралы айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиғаларды жазудың жаңа әдістерінің арқасында нақты статистиканы алуға болады. Нәтижесінде 72 мың қорғаныс ұйғарымы жазылып, сот 16 мың шешім шығарды.

Дағдарыс орталықтарына 5,5 мың әйел жіберілді, оның 3,7 мыңы балаларымен келді. Елімізде барлығы 69 осындай орталық жұмыс істейді.
«Соңғы бес жылда әйелдерге жасалатын қылмыстар саны екі есеге қысқарды, соның ішінде зорлық-зомбылық 37,9% - ға, кісі өлтіру 49,3% - ға және ауыр дене жарақаттары 8,7% - ға төмендеді», деп хабарлады үкімет.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде 35 мың заңсыз интернет-ресурстар анықталды, олардың 127-сі өз-өзіне қол жұмсауды насихаттады.

Профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасында да нәтиже берді. Жасөспірімдер жасаған қылмыс саны 6% - ға төмендеді. Кәмелетке толмағандар жасаған кісі өлтіру 29% — ға, ұрлық 19% — ға, тонау 15% - ға қысқарды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар