Бішкектегі мектептің біріне Кемел Тоқаевтың есімі берілді
Фото: qazaqadebieti.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі Бішкек мектептерінің біріне берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясына қазақ жазушысы және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі берілді.
Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов айтты. Оның айтуынша, бұл бастаманы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көтерген. Жапаров бұл шешімі туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне Ресейге жұмыс сапары кезінде хабарлады.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында Кемел Тоқаев Фрунзе жаяу әскер училищесінде оқыған. Ал ол оқу орны сол жылдары қазіргі №33 мектептің ғимаратында орналасқан. Дәл осы жерден ол майданға шақырылған», деп хабарлады қырғыз билігі.
Айта кетейік, 6 мамырда Ресейдің қорғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты құпия құжатты жариялаған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды