Бишімбаев жауапкершіліктен сытылып кетпей ме? Қошанов пікір білдірді

cover Фото: gov.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер Қошановтан "Бишімбаевтар әулеті осал емес екені бәрімізге белгілі,  Бишімбаев жауапкершіліктен сытылып кетпей ме, оған әділ жаза беріледі деп ойлайсыз ба?", деп сұрады.

"Біріншіден, бүгінде сот процесі жүріп жатыр. Өзіңіз білесіз, соттың процесіне ешбір азаматтың, ол депутат болсын, журналист болсын, немесе басқа да лауазымды қызметте жүрген азамат болсын, оған араласуға құқығы жоқ. Оған араласуға болмайды. Екіншіден, бұл іс үлкен резонанс туғызды. Шынында да жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында деп айтамын. Президент осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу бойынша өз тапсырмаларын берді, өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде қандай да бір бұрмалаушылық болады деп ойламаймын. Сот шешімін дербес шығарады. Оның әділ үкім шығаратынына сенеміз", - деді мәжіліс төрағасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар