Бірнеше секундтан кейін ұшақ жерге соғылды: тірі қалған жолаушы апат алдындағы соңғы минуттар жайлы естеліктерімен бөлісті

cover Фото: Media.az

Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшыраған Embraer E-190 ұшағының тірі қалған жолаушыларынан бірі, AZAL компаниясының ұшағында болған Низами Джалилов Baku TV-ге ұшақтың құлау алдындағы соңғы минуттары жайлы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz.

Ұшақтағы 38 C орнында отырған жас жігіт жарылыс дауысынан оянып, жолаушылардың алаңдаушылық білдіргенін айтты.

«Жарты минуттан кейін екінші жарылыс болды, бірнеше қатар алға қарай ұшақтың төбесінен панель түсті. Кейбір жолаушылар қорқып, ұшақтың артына қарай қозғала бастады. Экипаж нұсқаулық өткізді, ұшақ бір жарым сағат ауада болды. Жерге жақындағанда пилоттардың тиісті командасы естілді, бірнеше секундтан кейін ұшақ жерге соғылды»,  деп еске алады ол.

Низамимен бірге отырған тағы бір жолаушы (Тәжікстан тумасы Субхонкул Рахимов) екінші жарылыс кезінде оған қарап күлімсіреген.

«Мен ештеңе болмайды деп ойладым»,  деді Н.Джалилов.

Жарылыстан кейін Низамидің қауіпсіздік белдігіне асылып тұрғанын айтты.

«Мен ұшақтың тік тұрғанын байқадым, бірақ белдікті шешуге тырысқанымда құлап түстім. Тек жерге түскенде есімді жинап, ұшақтың аударылғанын түсіндім», — деп еске алады ол. 

Жарақат алғандар Ақтау қаласы ауруханасына жеткізілді. Бір аптадан кейін Низами туған өңіріне оралып, емін жалғастырып жатыр.

«Қазір өзімді жақсы сезінемін», — деп атап өтті ол.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар