«Біреуді өлтіремін, не өзім өлемін»: Берденов сотта онлайн жауап беріп жатыр
Коллаж: Orda.kz
Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сот отырысына жәбірленуші Руслан Берденов онлайн түрде қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Руслан Берденов айыпталушы Ернар Жиенбаймен жақын таныс емес екенін айтты.
«Жиенбайды бұған дейін үш рет көрдім. Кездесулерде екі рет көргем, оқ атқан күні үшінші рет көруім», — деді ол.
Берденов Жиенбайды кеңсесіне шақырып, есеп сұраған. Бірақ айыпталушының қолында ешқандай құжаттар болмаған. Ол кеңседе әкімдік инспекторы Асанбай Ахментаевпен жанжалдасып кетеді. Сонда Берденов Ернар Жиенбайға:
«Мынау түріңмен сенімен жұмыс істесе алмаймыз» деген. Жиенбай: «Керек болса, жұмыстан шыға саламын» депті.
Берденовтің айтуынша, бір аптадан кейін Жиенбай әкімдік инспекторы Асанбай Ахментаевқа қоңырау шалып, қорқытқан екен. Ол әкімдік инспекторына «Мен біреуді өлтіремін, не өзім өлемін» деген. Ахментаев Жиенбай мас болғанындықтан сөздеріне аса мән бермеген көрінеді.
Айыпталушы мен жәбірленушінің алғашқы кездесуінде киімге қатысты да дау туған.
«Киім үлгісіне қатысты әңгіме болды. Өйткені ол джинси киген екен. Сендер этикет сақтамайсыңдар ма? Сендерде киім үлгісіне қарамай ма, деп бір ескерту жасадым», – деді Берденов.
Айта кетейік, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов 14 тамыз күні ұсталған Шымкент қаласының бас сәулетшісіне қатысты пікір білдірді. Ол «Арман Әбдешов Берденовтің адамы» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды