«Билік жауап берсін»: Ербаян комаға түскелі бір жыл өткенімен күдіктілер әлі де бостандықта
Фото: instagram / erbayan2024
4-желтоқсан Ербаян Мұхтардың әскерде жарақат алып, төсекте таңылып жатқанына 1 жыл болды. Оrda.kz тілшісіне Ербаянның ата-анасы мен қорғаушысы Инга Иманбай бұл іс елімізде үлкен резонанс алғанымен әлі де жылжымай тұрғанын, ал қазір Түркия елінде емделіп жатқан жігіттің денсаулығында айтарлықтай ілгерілеу жоқ екенін жеткізді.
Қазір Ербаян Түркия елінде емделіп жатыр. Біз төсекке таңылып, шарасыз күйде жатқан жігіттің жағдайын білмекке ата-анасына хабарластық. Анасы Гүлсім Қамиева, Ербаянның денсаулығында айтарлықтай өзгеріс пен ілгерілеудің жоқ екенін жеткізді. Қайғыдан қан жұтқан ана Аллаға шүкіршілігін айтып, ұлының денсауылығы жайлы қысқа қайырды. Алайда, Ербаянның анасы қылмыстық істі тергеу созылып кеткенін және әлі күнге дейін ешкімнің қамауға алынбағанын, не күдікті ретінде бірде бір адамның танылмағанын жеткізді.
Соттың ашық өткенін талап етемін
«Иә, міне, баламның бұл жағдайға түскеніне 1жыл болды. Іс бойынша ешқандай козғалыс жоқ. Тек ғана тергеуші ауысқаннан басқа... Ешқандай ешкімге жаза тағылған жоқ, бәрі бостандықта жүр. Басшылар ауысып жатыр. Бірақ, бұл істі қолға алып жатқан ешкім жоқ, жазықтылар өз жазаларын алса деймін. Бұл істің жабылғанын қаламаймын. Қаншама сарбаздардың істерін осылайша 1 жылға дейін созбалақтап, ақырында жауып тастап жатыр. Қолға алсын дегім келеді. Сол күнгі кезекшілікте болған барлық әскери командирлер, офицер-сержанттар, кезекші сарбаздар мен даретханада бірге болған сарбаз бен сержант, сол бөлімнің командирі Бақдаулет Оспанбеков бәрі түгел жауапсыз қалмай, жауап бергенін қалаймын. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Ниязтай Әлкешевтің «балаңды өлтіріп, шығармай қойсам, не істейсің?!»,– деген ашық қоқан-лоққы көрсеткен сөздеріне жауап бергенін, сондай-ақ, соттың ашық өткенін талап етемін», – деді Ербаянның анасы.
Гүлсім Қамиева, қырық сылтау тауып, істі әрі-бері созбалақтап жауып тастай ма деп алаңдайтынын қамыға жеткізді. Қамеваның айтуынша, сараптама әлдеқашан дайын болған, ары қарай тергеушілер мен құзырлы органдар жауап беруі тиіс.


Ербаянның әкесі Хамит Аймағамбетовтың айтуынша, бастапқыда Түркияға ем алуға 3 айға келген екен.
«3 ай деген мерзім де аяғына таяп келеді, енді алда анализдер тапсыру керек. Егер анализдердің қорытындысы нашар болса, тағы да осында қалуымыз керек. Біз өзіміз анасымен осы аурухананың жанынан пәтер жалдап тұрамыз. Ал іске келер болсақ, шынын айтсақ, баяғы жартас сол жартас... Тергеушілер де ауысты, сараптама да дайын, енді басқа не керек екенін түсінбеймін», – деді Ербаянның әкесі.
Ербаян Мұхтардың ісінің созылып кеткеніне билік жауап берсін
Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, ресми түрде тергеу әлі де жүріп жатыр екен. Тергеушілер дәрігерлер мен оқиға орнында болған әскерилерден, сарапшылардан жауап алып жатырмыз, тергеу тоқтаған жоқ деген жауап айтып келеді екен.
«Бұл оқиғаға 1 жыл болса да әлі де тергеуден қандай да бір заңды процессуалды шешімдерді көріп тұрған жоқпыз. Іс бойынша кімдердің статусы қандай екені әлі де анықталмады, мәселе әлі де ашық тұр. Ешкім қамауға алынған жоқ. Ешкім күдікті болып танылған жоқ. Менің де Ербаянның ата-анасының да тергеуге қатысты күмән тудыратын негізігі мәселе осы», – деді қорғаушы.
Елімізде үлкен резонанс тудырған істің неге бұлай созылып кеткенін сұрағанымызда Инга Иманбай ол сұраққа билік жауап беруі керек деп айтты.
«Бұл істі созбай әрі дұрыс заңды процессуалды шешімдерді қабылдау бізге ғана емес, билікке де, әскери басшылыққа да, қоғамға да керек екенін жеткізгім келеді. Ербаянның ісі үлкен резонанс алғалы бері әскерге қатысты өзекті мәселе қоғамда кең қозғала басталды. Әскерге деген үлкен сенімсіздік пайда болды. Бұл дұрыс емес, себебі елдің қорғанысы мықты болуы керек. Жас жігіттер Отанын қорғауға ұмтылып тұруы керек. Алайда, мынандай жағдайдан соң, ол өкінішке қарай мүмкін болмайды. Менің ойымша, Ербаян Мұхтардың ісін созбалақтамай дұрыс тергеп, қоғамға «ой» тастай білу үлкен саяси қадам болар еді», – деді адвокат.
Инга Иманбайдың айтуынша, бұл іс әлі де халықтың назарында, ақырында істі жылы жауып, тергеу әділетсіз болып, кінәлілер сытылып кетер болса, әскерге деген сенімсіздік тек үдей түседі. Ата-аналар да балаларын әскерге жібергісі келмейтін болады. Сонымен қатар, Иманбай егер үкімет мемлекеттік қауіпсіздік пен әскердің мығым болғанын қаласа, Ербаянның ісі бойынша дұрыс процессуалды шешім қайбыладану керек екенін жеткізді.
«Мен әу баста-ақ, бұл істі алғанда бұл жалғыз Ербаянның ісі ғана емес, басқа да әскерден зардап жеккен жігіттердің тағдыры екенін жеткізген болатынмын. Өйткені әскердегі болып жатқан жағдай шын мәнін де ешқандай сын көтермейді. Оны статистикаға қарамай-ақ, жаңалықтардан да естіп, көріп отырмыз, бұдан дүйім жұрт әлдеқашан хабардар. Сондықтан да бұл істі әрі қарай созудың қажеті жоқ деп ойлаймын, соңына дейін жетіп, әділетт орнауы тиіс», – деді Инга Иманбай.
Еске сала кетйік, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатымен комаға түскен еді. Бастапқыда Ербаян дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғаны хабарланды. Жігіттің туыстары оған келіспеді. Артынша, бұл іс елімізде үлкен резонанс алған болатын. Содан бері қанша әскерге қатысты неше түрлі былық шығып жатыр. Талай сарбаз қаза болып, суицид жасап жатыр. Елімізде әскерге қатысты мәселе әлі де ашық тұр.
Жаңалықтар
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді