Билік Боранбаевтың тәркіленген мүлкін не істейді?

cover

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев билік Қайрат Боранбаевтың тәркіленген активтерін қалай иеліктен шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Мәжіліс алаңында ол жуырда заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң аясында  Қаржы министрлігі осындай мүлікті басқару үшін арнайы компания құрғанын айтты.

«Қажет болса, не басқаруға береміз, не сатып, ақшаны арнайы есепшотқа аударамыз. Егер бұл әрекеттер осы заңмен қамтылмаған болса, онда процессуалдық шешім бар. Олар мемлекет меншігіне өткізеді, сосын не сатамыз, не сенімге тапсырамыз»,- деді Жамаубаев.

Еске салайық, Қайрат Боранбаев қылмыстық мүлікті заңдастырумен айналысып, мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін қайтарған болатын.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Боранбаевқа қатысты тергеу аясында активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару шаралары қабылданған. Олардың ішінде құны 90 миллиард теңгеден асатын мұнай кеніші, газ таратушы компания, қызмет көрсету кәсіпорны, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендері, фитнес-орталықтар желісі мен кеңселік үй-жайлар бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар