Бибісара Асаубаева Қазақстанның үздік шахматшысы атанды

cover

Абу-Дабидегі фестивальде жеңіске жеткеннен кейін 19 жастағы Бибісара Асаубаева Қазақстандағы ең үздік шахматшылар рейтингіне иелік етеді.

Абу-Дабиде көрнекті шахмат фестивалі аяқталды. Онда әйелдер арасында қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева жеңіске жетті. Бұл туралы облыстық мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Жарыс барысында 19 жастағы қазақстандық көрсеткен нәтиже оны еліміздің шахматшы қыздары рейтингінде бірінші орынға алып шықты. Фестиваль барысында Асаубаева мүмкін болатын 9 ұпайдан 5,5 ұпай жинады.

Сәуір айында блицтен екі дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қазақстан республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған тұңғыш шахматшысы атанды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар