Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын атап өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Астана Опера» театрында Қазақстанның әйгілі опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Байсеитова, Айзада Омарова, Нұрғалым Аманбай сияқты танымал өнер қайраткерлері қатысты.
Концерт «Абай» операсының «Тойбастар» сахнасымен ашылды. Онда лауреаттар Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, хор, оркестр және «Астана Опера» балет труппасы Руслан Баймурзиннің дирижерлігімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Фариза Оңғарсынованың «Бибігүл – ән» өлеңін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев оқып берді.
Кеште әншінің шығармашылығының «символына» айналған Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін оның шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындады.

Кешті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.
Бибігүл Төлегенова — қайталанбас орындаушылық өнерімен қазақ әнінде ойып тұрып орын алған тұлға. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері «Гауһар тас», «Жиырма бес», Қазақстан композиторларының шығармалары, Хамидидің «Бұлбұлы», Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», Төлебаевтың «Еске алуы», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма», сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің, Доницетти, Григ, Шуберттің шығармалары да бар. Б.Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Бұл тұрғыда ол «қазақ бұлбұлы» атанған. Бибігүл Төлегенова опера өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек болып (Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Гүлбаршын болып (Рахмадиевтің «Алпамысында»), Еңлік болып (Жұбановтың «Еңлік—Кебегінде»), Джильда, Виолетта болып (Вердидің «Риголеттосы» мен «Травиатасында») т. б. партияларды орындады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды