«Безбүйрек әкелер»: Семейде 5 мыңға жуық баланың құқығын қорғауға тура келді

cover Фото: Ostrovrusa.ru

Абай облысында прокуратура алимент бойынша борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тартты. Прокуратураның мәліметіне қарасақ, 2024 жылы бір Семейдің өзінде 5 мыңға жуық кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғауға тура келіпті, деп хабарлайды Orda.kz.

Семей қаласының прокуратурасы 7 млн теңгеден астам қарызы бар қала тұрғынының Қылмыстық кодексінің 139-бабына (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартты. Сот үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді. Тағы 3 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Айта кетерлігі, тек Семей қаласында 2024 жылы алимент төлемегені үшін 7 адам қылмыстық, 61 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалған»,  деп мәлімдеді прокуратура. 

Абай облысының прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу қажеттігін, әйтпесе мұндай ата-аналарға қатысты заңда көзделген барлық шаралар қолданылатынын, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар