Берденовке жасалған қастандық бойынша екі тарап та үкімге қарсы шықты
Коллаж: Orda.kz
Шымкенттің әкімінің бұрынғы Руслан Берденовтің ісі бойынша сот үкіміне екі тарап та шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкент қалалық соты шағымдарды 8 қазан күні қарайды.
Айта кетейік, 21 сәуір күні Шымкент қаласының әкімдігінің алдында Руслан Берденовке оқ атылып, ауыр жарақат алған болатын. Кейін оған оқ атқан Ернар Жиенбай екені анықталып, тамыз айында сот болған еді. Қылмыскер өз жазасын мойындап, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жиенбайдың мұндай әрекетке Руслан Берденов оның әйелінің Instagram-ға салған суретіне лүпіл басқаны үшін барған. Сот кезінде оның қызғаныштан осындай әрекетке барғаны анықталды. Кейін Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пірәлиев пікір білдірген болатын.
«Менің келінім өсіп, өнген жердің қызы. Соған лайк басқан, тағы да басқа әрекеттері бар. Оның бәрін отбасын сақтап қалу үшін балам ішіне жұтып кетті. Жала жапты деп ойламаңыздар. Ол болған нәрсе», — деді Жиенбай Пірәлиев.
Сондай-ақ Жиенбайдың әкесі Берденовтің қол астындағыларға дөрекілік танытқанын айтты.
Айтып-айтпай не керек, бұл сот жұрт аузынан түспеді. Дегенмен «атың шықпаса, жер өрте» демекші, осы соттың судьясы Әбінұр Қарабаев бір-ақ күнде тілшіге тілін шығарғаны үшін жұлдыз болып кетті. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, жұрт қызу талқылады.
Еске сала кетейік, Талғар қаласында өтіп жатқан «хуторлық» Хасанның сотында құпия куәгерден жауап алып, екі тараптың да мүддесін қорғаушыларды сот залынан шығарып жіберді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды