Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді

cover Фото: Orda.kz.

Жанабыловтар ісі бойынша тергеу аясында сотқа жауап беруге танымал блогерлер Дархан Жолшыбек (@darhanzholsybekov) пен Нұртаз Нұрбек (@justking31) шақырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бастапқыда олардың Алматыда болуына байланысты сот отырысына онлайн қатысады деп жоспарланған. Алайда адвокат Гаухар Айтжанова олардың сот залына жеке келуін талап етті.

«Әр 30 минут сайын Алматы Астана арасында ұшақ ұшады, келгендері дұрыс болады», – деп мәлімдеді адвокат.

Кейін Дархан Жолшыбектің денсаулығына байланысты анықтама ұсынғаны белгілі болды. Соған қарамастан, адвокат оның қатысуына қанша уақыт қажет болса да күтуге дайын екенін айтты.

Эльмира Төлегенованың айтуынша, аталған блогерлер Жанабыловтармен қатар немесе одан кейін ұтыс ойындарын өткізген.

Сот кеңесу бөлмесіне кетті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар