Беларусьте президент сайлауы өтіп жатыр

cover Фото: БЕЛТА

Бүгін, 26 қаңтарда Беларусь Республикасы президентінің сайлауы өтіп жатыр. 21-25 қаңтар аралығында өткен кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың 41,81 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Orda.kz.


2025 жылғы сайлауға бес кандидат қатысуда. Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенко, Сергей Сыранков, Александр Хижняк, Олег Гайдукевич және Анна Канопатская. 70 жастағы Александр Лукашенко үшін бұл сайлау оның президенттік қызметіндегі жетінші сайлауы болмақ.

ЕҚЫҰ кеш шақырылғандықтан Беларусьтегі президенттік сайлауға бақылаушыларын жіберуден бас тартты. Бұл туралы 17 қаңтар, жұма күні Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро хабарлады.

Минск бүгін ОСК 49 елден 456 халықаралық байқаушыны аккредиттегенін атап өтті.


Беларусь Сыртқы істер министрлігі шақыруларды ТМД-ның атқарушы комитеті мен парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы, Одақ мемлекетінің парламенттік ассамблеясы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы қабылдағанын хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар