Бектенов өңірді дамыту бойынша артта қалған Абай облысының әкімі Берік Уәлиге талап қойды
Фото: primeminister.kz
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3 % болды. 11 өңірде оң динамика байқалса, Абай, Ұлытау және Атырау облыстары артта қалып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы жайында үкімет басшысы Олжас Бектенов сөз қозғап, талап қойды.
«Артта қалып отырған өңір басшылары жағдайды өзгерту үшін барынша күш салуы қажет»,— деді премьер-министр министрлер кабинеті отырысында.
Бектенов әкімдерге экономикалық өсімге жету үшін базалық салаларды — өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларын дамыту қажет екенін еске салды.
«Негізгі назар өңдеу өндірістерін терең дамытуға және ішкі де, сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім шығаруға бағытталуы тиіс».
Жыл соңына дейін халық наразалығын тудырған коммуналдық қызмет тарифтерін өзгерту болмайды.
«Жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру және инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша қосымша шара қабылдауды тапсырамын»,— деді премьер-министр.
Инвестиция тарту мәселесіне Бектенов ерекше назар аударды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жоспар 93,3 %-ға орындалды, алайда тоғыз өңір мақсатты көрсеткіштерге жете алмаған.
Бектенов атап өткендей, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдету, транзиттік тасымалды арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ішкі сауданың әлеуетін белсендірек пайдалану қажет.
Наурыз айының ортасында «Мемлекетке жалған есеп бергізбеймін» деген Берік Уәли екі шенеунікті қызметінен босатып, бірнешеуіне сөгіс берген болатын.
Сонымен қатар биылғы Абайдың мерейтойында өздерін еріктілерге қоршатып жүрген Мәулен Әшімбаев пен Берік Уәли сынға қалған еді.
Жаңалықтар
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды