Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды

cover Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдер енгізу және саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша қойылған міндеттердің сапасы мен уақтылы орындалуы қаралды. 

ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

Премьер-министр өткізу пункттеріндегі жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынады. Ол барлық операциялық процестерді жеделдету тапсырылды.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы бойынша ресурстардың жеткіліксіз жұмылдырылғанын айтты. Нысандағы техника мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғаны да айтылды. Тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының баяу қарқынын да сынады.

Оқи отырыңыз:  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар