Бектановтың орнына жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

cover

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

– Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Тоқаевтың жарлығы бойынша, Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар