Бейжіңде Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Қытай Халық Республикасының астанасы – Бейжіңде Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері басталды.
Бағдарламаның бірінші күні Гуомаоның іскерлік және заманауи мегаполис аймағындағы нысандардың бірінде Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының концерт-тұсаукесері өтті.
Сондай-ақ «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртістері, «Гүлдер» ансамблінің шығармашылық ұжымы, қазақ эстрадасының белгілі өкілдері Медет Салықов, Клара Төленбаева, Азамат Желтырғызов, Әлішер Кәрімов, Рухия Байдүкеновалар өнер көрсетті.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» әртістері мен шығармашылық топтардың гала-концерті келесі аптада Бейжіңнің тарихи орталығында орналасқан Ұлттық өнер орталығы сахнасында өтеді.
Сенбіде, 25 қарашада Қытайдағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында «Халық цифрлық өлшемде» атты Қазақстан мен Қытай жастарының достығы жобасының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Қытайда еліміздің көрікті жерлерін бейнелейтін сурет көрмесі өтті.
Жаңалықтар
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді