Батыс Қазақстанда өзеннен 300-ден астам өлі киіктің денесі шығарылды
Фото: «Бөкейорда» табиғи резерваты
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында Сарыөзен өзенінен өлі киіктердің денелерін тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рақымжановтың айтуынша, өзенде өлі киіктердің жүзіп жүргені туралы хабар алған соң, оқиға орнына «Бөкейорда» табиғи қорығының қызметкерлері барған.
«Қараоба ауылдық округі әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, өзеннен 308 өлі киіктің денесі шығарылды. Олардың барлығы – биыл туған төлдер. Олар тереңдігі 40–50 см болатын сайдан шыға алмай қалған. Кейін олардың денелері арнайы мал көметін орынға апарылып, өртеп жойылды. Барлығы белгіленген алгоритмге сәйкес жүзеге асырылды, тиісті акт жасалды» деді Рақымжанов.
Инспекция басшысы сондай-ақ қоғам тарапынан «мұндай жерлерде неге кезекшілік ұйымдастырылмайды?» деген сұрақ туындап жатқанын айтты. Оның сөзінше, киіктер өзенді тек бір ғана жерден емес, бүкіл бойымен өтеді, сондықтан жағалаудың барлығына кезекші қою мүмкін емес. Бұған қоса, 10–15 күннен кейін төлдер өсіп, өзеннен өздері өте алатын болады.

Бұған дейін Батыс Қазақстанда өзенге батып өлген 560-тан астам киік өлексесі жойылғаны хабарланған еді.
Orda.kz тілшісінің «Ақбөкендер аштан қырыла ма? Ресейге өтіп кеткен жануарлар орала ма?» деген сұрағына жауап іздеген мақаласындағы ғалым пікірін мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін