Бас прокурор президентке резонанс тудырған қылмыстық істер туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Ол президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелері баяндалды. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылды.
Мемлекет басшысына активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берілді.
Берік Асыловтың айтуынша, ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түсті. Кездесу барысында тікелей инвестиция тарту бойынша өңірлерде атқарылып жатқан істердің нақты мән-жайы қарастырылды.
Сонымен қатар президентке еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларға қатысты уәкілетті органдардың шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгіні» тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Осы орайда Президент аталған органдардың тартылатын инвестиция туралы деректерінің дұрыстығына бақылауды және жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды