Бас прокуратура Бишімбаевтың сотына БАҚ өкілдері неге кіргізілмегенін түсіндірді
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындәлиев бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың атышулы сотына қатысты пікір білдірді. Журналистер одан сот залына БАҚ өкілдерін неліктен кіргізілмегенін және оның қаншалықты заңды екенін сұрады.
Әсет Шындәлиев сот процесс кезінде тәртіпті қамтамасыз етуі керек екенін айтты.
"Сот ешкімді қорғамайды. Тек Бишімбаев емес, барлық сотталушы қарауыл жасағымен жүреді. Сот тәртіпті қамтамасыз етуі керек, түсінесіз бе? Бұл ток-шоу емес қой, бұл – сот. Онда тәртіп болуы керек", - деді Әсет Шындәлиев.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері оларға отырыс залында түсірілімге рұқсат етпегеніне наразы болды.
"Сот өкілі бұл жағдайды түсіндірді. Жариялылық қамтамасыз етілген. "Журналистер үшін барлық жағдай жасалған", - деді бас прокурордың орынбасары.
Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатыр. Алдын ала тыңдау 11-12 наурыз күндері өтті. Соттың негізгі отырысы 27 наурызға белгіленді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды