Барлық құжат қазақ тілінде болуы керек
Сурет: abai.kz
Қоғам қайраткерлері мен мамандар қазақ тілін дамыту және насихаттау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгергендердің саны өсуде, бірақ баяу. Мұның басты себебі – тілді меңгеру қажеттілігінің жоқтығында. Бірнеше қоғам қайраткерлері журналистермен кездесуде осындай пікір білдірді. Олардың кейбіреулері тек құжатайналымды ғана емес, барлық іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді талап етті.
«Барлық жерде және бәрі қазақ тілінде болуы керек. Баяғы құжаттама, техникалық карта, қоғамдық тамақтандыру орындарында – бәрі қазақ тілінде болуы керек. Сонда адамда тіл үйрену қажеттілігі туындайды. Осылайша, көпшілік мемлекеттік тілді тез меңгереді. Ал екінші фактор – патриоттық сезімді дамыту қажет. Халықтың тіл үйренуге деген құштарлығы сонда ғана оянады», – дейді қоғам қайраткері, қазақ тілі мұғалімі Алина Кан.
Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайрыев үшін мемлекеттік тілді үйренуге деген ынта – еңбек. Мемлекеттік органдарда қазақ тілі негізгі тіл болуы тиіс.
«Адамдар бағдарлай алуы үшін барлығы екі тілде болсын. Мен мәжбүрлі формаға қарсымын. Бірақ мүмкіндігінше ынталандыру, оқуға деген құштарлықты тудыру маңызды. Қызықтыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, мемлекеттік тілді меңгерген адамның болашағы зор екені сөзсіз. Бұл мансап құрғысы келетіндер үшін маңызды дәлел», - деп атап өтті Рустам Қайрыев.
Мемлекеттік тілді танымал ету үшін мемлекеттің қолдауымен білім беру жобалары жүзеге асырылуда. Алматыда сегіз комьюнити- орталқтары бар. Онда жастар қазақ тілін үйреніп қана қоймай, мобилограф, таргетолог, SMM мамандықтарын ала алады. Тіл үйренуге арналған әңгімелесу клубтары да жұмыс істейді.
«Қазір көп адамдардың бір жерге саяхаттауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, KСК және OСИ компанияларымен жасалған келісім бойынша біз бұл клубтарды Алматы қаласы мен еліміздің басқа облыстарындағы тұрғын үйлердің аулаларында ашамыз. Қазақ тілін білетіндер көршілеріне күнделікті үйретеді», – дейді ол.
Жиынға қатысушылар мен сарапшылар бір пікірде: қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Егер адамның мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы болса, оған мүмкіндік табылады. Болашақта жастардың барлығы тек мемлекеттік тілде сөйлейтін болады.
Тегін курстар аз, ал жақсы мұғалімді жалдау қымбат десті кейбірі.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы