«Бәрін өлтірсін»: Қаңтарда екі адамды өлтірген подполковниктің туыстары сот шешіміне наразы
Коолаж Orda.kz
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың өліміне кінәлі деп танылған подполковникке Алматы гарнизонының әскери соты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушының туыстары үкіммен келіспесе, жәбірленуші тарап алдағы уақытта істі «қасақана адам өлтіру» бабына өзгертуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық ұланның бұрынғы подполковнигіне шыққан үкімнен соң сот залында отырған сотталушы Айтжан Әубәкіровтың анасы: «Ендеше бәрін өлтірсін, әскерилер ешкімді қорғамайды! Бұлар бүлікшілер», - деп айқайлап жіберді. Ал марқұм Жағыпаровтың жақындарының бірі шыдамай: «Олар қарусыз, жазықсыз адамдарды өлтірді», - деп айтты.
Соталушының қорғаушысы Ерлан Ізбанов үкіммен келіспейтінін айтып, сотта куәгер болғандардың ешқайсысы оқиғаны көрмегенін жеткізді.
«Біз үкім жорамал мен болжамға негізделіп шығарылды деп есептейміз. Оның үстіне куәгерлердің ешқайсысы оқиғаны көзімен көрмеген. Оған қоса, сот-медициналық сараптама марқұмның арқасынан атылған оқ ізін анықтаған жоқ», - деді Ізбанов.
Ал марқұм археологтың інісі Нұрлан Жағыпаров алдағы уақытта істі «қасақана адам өлтіру» бабына ауыстыру туралы арыз-шағым беруге ниетті екенін айтты.
«Мен бүгін адвокат пен Ерланның үзеңгілес достарына осы тергеу жүрген 3 жыл ішінде үміт үзбей істі соңына дейін апарғанына алғыс айтқым келеді. Біздің әділеттілікке жетеміз деген кішкене ғана үмітіміз болды. Бүгін сол ақталды, сотталушы өз жазасын алды. Ол күні бүгінге дейін бостандықта жүргенін бәрі көрді. Оның кінәсі толық дәлелденді. Соған қарамастан, алдағы уақытта біз ойланып, есімізді жиып алған соң қорғаушымен ақылдаса отырып істі қасақана адам өлтіру бабына ауыстыру туралы арыз-шағым береміз деп ойлаймын», - деді марқұмның інісі.
Сонымен қатар, моральдық шығын ретінде ұсынылған 50 млн теңгенің 20 млн теңгесі қанағаттандырылды. Нұрлан Жағыпаровтың айтуынша, бұл қаражат алдағы уақытта марқұм археологтың көзі тірісінде сүйікті ісіне айналған петроглифтерді зерттеуге арналады.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды