«Бәрін қаматамын!»: Ақтауда қайтыс болған сарбаздың әкесіне айыптының жауабын көрсетпей жатыр
Фото: Elements.envato.com
Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан жалғыз ұлына офицердің оқ атқанын айтқан әке айыптының мән-жайды баяндаған қағазын бермеді деп наразы, деп хабарлады Orda.kz.
Тергеу комитетіне келген әке күдікті офицердің кінәсін мойындағанына қарамастан, оның жауабын алуға мүмкіндік берілмей жатқанын айтады.
«Мен тергеу комитетінде тұрмын, маған күдіктінің жауабын бермей жатыр. Ол қылмысын мойындады. Бірақ, неге екенін білмеймін, мені тергеу құпиясымен таныстырғылары келмеді. Мен бұл құжатты еш жерге жарияламаймын, тек заңды түрде адвокатқа жүгінгім келеді. Қазіргі таңда маған адвокат та, басқа ешкім де берілген жоқ», — деп мәлімдеді сарбаздың әкесі.
Қайғыдан қан жұтқан әке заң бойынша үш күн ішінде бұл құжаттарды алу құқығына ие екенін атап өтті. Алайда тергеушілер қажетті ақпаратты беруден бас тартып отырғанын айтты.
«Маған ешнәрсе бермей жатыр. Енді ұлымды алып кету үшін мәйітханаға бара жатырмын. Ол жерде вице-министр бар екен. Енді Астанаға дейін барамын. Бәрін қаматамын», — деді ол ыза болып.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні Ақтауда «Оймаш» полигонында болған еді. Офицер қаруды «дұрыс қолданбай» сарбазға оқ атқан делінеді. 19 жастағы сарбаздың әкесі бұл оқиғаның кездейсоқ жағдай екеніне сенбей, тергеудің толық жүргізілуін талап етіп отыр.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды